Сербия үкіметі елге кіру үшін міндетті теріс ПТР сынамасын, экспресс антиген сынамасын және вакцинацияны растауды алып тастайды, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«2022 жылдың 3 мамыры, сейсенбіден бастап шетелдік және серб азаматтары үшін COVID-19 жұқпалы ауруына байланысты Сербия Республикасына кіруге қатысты барлық бақылау шаралары мен шектеулер қолданылмайды. ПТР-сынаманы, экспресс-антиген сынамасын, вакцинацияны растау талап етілмейді», – делінген хабарламада.
Шектеулерді алып тастау туралы шешім елдегі және ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жабық орындарда бетперде кию бойынша ұсыныстар сақталады.