Жаңалықтар

Ақмола облысының мемлекеттік бюджетіне 78,4 млрд теңге түсті

Бір жұмыс күні ішінде Ақмола облысының мемлекеттік бюджетіне орта есеппен 1,4 млрд теңге түсті

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков мәлімдеді.

Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспарлы тапсырма 110,6% – ға орындалды, бюджетке 78,4 млрд теңге түсті, 7,5 млрд теңгеге асыра орындалды.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7 миллиард теңгеге артық.

Республикалық бюджетке өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,2 млрд.теңгеге өсіммен, 1,1 млрд. теңгеге асыра орындаумен 50 млрд. теңге түсті.

Жергілікті бюджет 129% орындалды, жоспар бойынша 21,9 млрд.теңге 28,4 млрд. теңге түсті, 6,4 млрд. теңгеге асыра орындаумен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең көп өсу сомалары корпоративтік табыс салығы бойынша 9,4 млрд.теңгеге, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша 1,4 млрд. теңгеге және ЕАЭО-мен ҚҚС бойынша 1,5 млрд. теңгеге байқалады.

Жергілікті бюджет бойынша түсімдердің негізгі өсімі төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына 2,1 млрд.теңгеге, акциздер бойынша 1,5 млрд. теңгеге,әлеуметтік салық бойынша 1 млрд. теңгеге келеді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 8,7 млрд. теңге көлемінде қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Бұл ретте салықтық тексерулерге тазартылған қосымша резервтердің жалпы сомасының тек 1,1% – ы ғана келеді. Бұл қазіргі уақытта салықтық әкімшілендірудегі басты назар салықтық тексерулерден камералдық бақылауға ауыстырылғандығына байланысты, яғни салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігі беріледі.

2022 жылдың 1 тоқсанында біз 230 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеттік, оның ішінде электрондық нысанда – 229 мың қызмет немесе 99,5%, қағаз жеткізгіште-1 мың қызмет немесе 0,4%. Сондай-ақ Департаментте Call-centre жұмыс істейді, оған жыл басынан бері 4 мыңға жуық қоңырау келіп түсті, қоңырау шалушылардың 99% – дан астамы операторлардың жұмысын оң бағалады.