Қазақстандық бұрынғы әлем чемпионы мансабын аяқтауды ойлап жүр
Жарияланды
(жаңартылды )
Ол әлеуметтік желіде тағы да қарсылассыз қалғанын және бұл оның рингке оралуын кейінге қалдырғанын хабарлады
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец әлеуметтік желіде тағы да қарсылассыз қалғанын және бұл оның рингке оралуын кейінге қалдырғанын хабарлады. Бұл 33 жастағы боксшы мансабын аяқтау туралы ойлануға мәжбүр етеді. Бұл туралы Sports.kz Allboxing сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Липинец Premier Boxing Champions бокс кешінде АҚШ-та Дарвин Прайсқа қарсы жұдырықтасатынын мәлімдеген болатын.
«Дарвин Прайспен ешқандай жекпе-жек болмайтыны туралы хабар алдым. Енді PBC шілдеде, сосын тамызда жекпе-жек өткізетін шығар деп жатыр. Менің мансабымды аяқтағаным дұрыс сияқты. Бір нәрсемен өмір сүру керек», – деді Липинец әлеуметтік желіде.