Жаңалықтар

Балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті

Ақтөбеде 2 жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті

Ақтөбеде екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатынан екі жасар қыз құлап кеткен. Ол кезде анасы үйде болған, бірақ баланы қараусыз қалдырған. Қыз бала түрлі дене жарақаттарымен балалар аурухасына жатқызылды.

 Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Балаларға жол және су айдындарында қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін үйрету керектігін ескертеді.