Инвестиция

«Самұрық-Қазынаның» қашан  IPO өткізетіні жазда белгілі болады

ҚМГ мен Air Astana акцияларын шығаруға дайын

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Air Astana  өз акцияларын IPO-ға шығаруға толық  дайын болғанымен, халықаралық инвесторлар қазақстандық эмитенттердің IPO-на үлкен қызығушылық танытып отырған жоқ. Сондықтан мемлекеттік холдинг бағалы қағаздарын қашан шығаратыны жайлы  шешімді осы жазда қабылдайды. Бұл туралы 4 мамырда өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.

«IPO/SPO бойынша жағдай аса оңай емес. Бүкіл қор нарығындағы жағдай құбылмалы болып отыр. Халықаралық инвесторлардың біздің өңірге қызығушылығы біршама төмендеп кетті. Дегенмен, біздің компаниялар жария орналастыруға қажет әлеуетке ие деп есептейміз. Яғни ҚазМұнайГаз-дың да, Air Astana-ның да IPO-ға дайындығы өте жоғары. 2022 жылғы инвестициялық жоспар бар, дегенмен нақыт шешімді жазда шығарамыз» деді ол.

Бұған дейін  IPO-сы 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның   екі компаниясы өз акцияларын инвесторларға 2022 жылы ұсынаты айтылған еді. Қазақстандық брокерлер әл-ауқат қорының құрамындағы компаниялар бағалы қағаздарының халықаралық алаңдарға шығарылатынын және жергілікті  жеке инвесторларға басымдық берілетінін ескере отырып, акция пакетінің кемінде 20 пайызы нарыққа шығарылады деп күтіп отыр.