Мәжіліс Қазақстандағы референдумға қатысты Сенаттың түзетулерін қолдады
Енді құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюы керек
Бейсенбі, 5 мамырда Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» заң жобасына Сенат ұсынған түзетулерге дауыс берді. Заң қабылданды деп есептеліп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберілді.
Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов мемлекет тәуелсіздігін, республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын өзгерту, Республика қызметінің негізгі қағидаттарының нысаны мен басқару тәртібін өзгерту мәселелері референдумның нысанасы бола алмайтынын айтты.
«Сенат енгізген толықтыру «республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабының 2-тармақшасына қатысты болады, ол жаңа редакцияда жазылады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісуді ұсынады», – деп хабарлады Комитет төрағасы Арман Қожахметов Мәжіліс отырысында.