Жаңалықтар

Ресейліктер мейрамханаға баруды  азайтты

Ресейде тұрғындар фастфудты жиі жеуге кірісті

Дағдарыс ресейлік тұтынушыларды шығындарды қысқартуға мәжбүр етті. Атап айтқанда, ресейліктер мейрамханалардағы тағамды емес,фастфудты жиі жеуге кірісті.

Наурыз-сәуір айларында сауда орталықтарында орналасқан дәмханалар мен мейрамханалардың айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға қысқарды. Ал фастфуд мейрамханаларында бұл көрсеткіш 16 пайызға өсті, деп хабарлайды «Коммерсанть» Focus Technologies деректеріне сілтеме жасап. Фастфудқа сұраныстың артуына McDonald’s сауда нүктелерінің жабылуы да әсер етті.

Сарапшылардың пікірінше, кафелер мен мейрамханалардағы тапсырыстар 10 пайызға азайып, орташа чек 8 пайызға  азайған. Ал фаст-фуд дүкендерінде 4 пайыз болған, дегенмен орташа чек 11 пайызға өскен.

Фаст-фуд операторларының айналымы 6 пайызға өссе, кафелер мен мейрамханалар 3 пайызға төмендеген.