АҚШ президенті Оңтүстік Корея мен Жапонияға 20-24 мамырда сапармен барады
АҚШ президенті Джо Байден 20-24 мамырда Оңтүстік Корея мен Жапонияға сапары барысында осы елдердің басшылығымен Украинаны қолдау, Ресейге қарсы шаралар, сондай-ақ КХДР-ға қатысты мәселелерді талқыламақ ниетте. Бұл туралы бейсенбіде өткен брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді.
Ол атап өткендей, Байден Корея Республикасының Президентімен және Жапония Премьер-Министрімен кездесуге ниетті.
«Көшбасшылар экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сонымен қатар, климаттың өзгеруін, жаңа коронавирусты талқылайды », – деді Псаки.
«Әрине, украиндарды қолдау, Ресейді жауапқа тарту үшін бірлескен күш-жігер туралы да сөйлеседі», – деп қосты ол.