Доллар демалыс күндерінің алдында 435,6 теңгеге дейін көтерілді
Жарияланды
Ұлттық валюта 1,8%-ға әлсіреді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 6 мамырдағы сағат 17:00-дегі сессия қорытындысы бойынша теңге мен доллардың сауда-саттығы өтті.
Доллардың орташа сараланған бағамы 435,58 теңге болды.
Ұлттық валюта 5 мамыр күні сағат 17:00-дегі сессия қорытындысымен салыстырғанда 7,76 теңгеге әлсіреді.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде kurs.kz сайтының мәліметінше, сағат 17:22-де америкалық валютаның сатып алу бағамы орта есеппен 438,6 теңгені, сату – 444,25 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 2,24%-ға өсіп, 113,38 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының маусым фьючерстері 2,23%-ға өсіп, 110,59 долларды құрады.