Жаңалықтар

Референдум өткізуге арналған сайлау учаскелері әлемнің 51 елінде ашылады

ОСК мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне шетелде жүрген Қазақстан Республикасының 11 695 439 азаматы енгізілген

Қазақстан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға өз азаматтарының қатысуы үшін әлемнің 51 елінде сайлау учаскелерін ашады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. Бұл туралы Интерфакс мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының 51 шет мемлекеттегі өкілдіктерінде бөлімдер құрылады. Бұл сайлау учаскелеріндегі тізімдерге белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе шетелде ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар кіреді», – деді Петров.

Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 695 439 азамат енгізілген.

Еске салайық, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум 5 маусымға белгіленген.