Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына байланысты
Бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясы TeamViewer Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына байланысты Ресей мен Беларусьтегі қызметін толығымен тоқтатқанын хабарлады.
«Біз Ресей мен Беларусь аумағындағы кез келген іскерлік жұмыстардытолығымен тоқтату туралы шешім қабылдадық», – делінген компанияның ресми сайтында.
«Біз Ресей немесе Беларусь клиенттерімен ешқандай келісімшартты ұзартпаймыз», – деп қосты олар.
TeamViewer (штаб-пәтері Германияның оңтүстігіндегі Гёппинген қаласында) компьютерлер мен басқа соңғы құрылғыларға қашықтан қол жеткізуге, басқаруға және қызмет көрсетуге арналған бағдарламалық жасақтаманы өндіруші болып табылады.