Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-ке жуық еліне жеткізіледі
Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Түркияға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджимен екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Анкара қаласында өтті. Оны ашқан қазақстандық ведомство басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Түркия қатынастарының тұрақты дамып жатқанын атап өтті. Министр Қазақстанның сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және экспорттау саласындағы әлеуетін сипаттады. Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-ке жуық еліне жеткізіледі.
Бұдан басқа, Қазақстан дәнді және майлы дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша жетекші орынға ие бола отырып, бүкіл Орталық Азия өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі ел болып табылады.
«Қазақстан бидай мен ұн экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Біздің астық жоғары сапалы көрсеткіштермен сипатталады. Жайылымдары мен өзінің жем-шөбінің болуы және шалғайдағы мал шаруашылығына қол жетімділік ет өнімдерін өндірудің өсуіне ықпал етеді және халал талаптарына сәйкес келеді. Географиялық орналасуын, бай жер ресурстарын, сондай-ақ қолайлы климаттық жағдайларды назарға ала отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені болашақта әлемдегі азық-түлік жағдайын тұрақтандыру мен жақсартуда маңызды рөл атқара алады», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Министр пандемияға қарамастан екі ел арасындағы сауда көрсеткіштерінің тұрақты өскенін атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында Түркия Республикасымен АӨК өнімдері бойынша тауар айналымы шамамен 37 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 62% артық (22,7 млн. АҚШ). Экспорт 55% артып, 19,5 млн. АҚШ, ал импорт 69% – ға артып, 17,1 млн. АҚШ көрсетті.
Министрдің пікірінше, екі ел арасындағы сауданы дамытудың әлеуеті зор. Осыған байланысты Қазақстан ет өнімдерінің, өсімдік майларының және жануарлардан алынатын басқа да өнімдердің экспортын ұлғайтуға мүдделі. Ет-сүт өнімдерін (Ет және ет-өсімдік консервілері, майсыздандырылған сүт, сары май, ашыған сүт өнімдері, ірімшіктер, сүзбе және т.б.) терең қайта өңдеу тауарларының экспортын ұлғайтуға деген қызығушылығы бар. Сондай-ақ, Қазақстанда түрік жемістері мен көкөністеріне, цитрус жемістеріне және т. б.өнімдеріне сұраныс бар.
Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын ұсынды. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру.
Аграрлық ғылым мен білім беру саласында, атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе мен ғылыми зерттеулер нәтижелерімен алмасу, Халал аккредиттеу схемасын енгізу және дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) ынтымақтастықты дамытудағы бірлесіп жұмыс істеу зор әлеуетке ие.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Түркияның былғары мен жүнді өңдеуді дамытудағы тәжірибесін жоғары бағалады.
«Қазақстандық тарап бірлескен жобаларды іске асыру үшін осы сектордағы сіздің тәжірибеңізді тартуға мүдделі, бұл үшін бізде шикізаттың жеткілікті көлемі бар», – деп атап өтті министр.
Ол селекцияның заманауи әдістерін дамыту бойынша қабылданған шаралардың арқасында Түркияның тәжірибесі алма өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіретінін атап өтті. Қазақстанда бау-бақша шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады, мемлекет осы салаға инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту үшін барлық қажетті жағдайларды жасалып жатыр.
Министрдің айтуынша, мемлекет қажетті инвестициялық климатты құрды, субсидиялау және жеңілдікті кредит беру түрінде тұрақты мемлекеттік қолдау көрсетілып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан географиялық жағынан климаты бағбандықтың дамуына жағымды әсер етеетін қолайлы жерде орналасқан.
«Осыған байланысты, біздің еліміз меристемалық (in-vitro) технологиясымен көшеттер өндіру бойынша түрік инвесторларымен ынтымақтастықты дамытқысы келеді», – деп толықтырды Е.Қарашөкеев.
Қазақстан үшін басымдықтардың бірі ауыл шаруашылығы шикізатын: ет пен сүт, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер, былғары шикізатын қайта өңдеу саласына шетелдік инвесторларды тарту болып табылады, деп атап өтті министр.
Аграрлық секторды орнықты дамыту мақсатында мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдап жатыр, мемлекет қабылдайтын шешімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ете отырып, заңнама тұрақты негізде жетілдіріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесі жеңілдетіліп жатыр. «Осыған байланысты, түрік кәсіпкерлерін АӨК көрсетілген салаларында бірлескен жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастыққа шақырамыз», – деді министр.
Кездесу соңында ол Қазақстанға Түркияның тәжірибесі қызықты екенін атап өтіп, түрік тарапымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, аграрлық ғылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастыққа үміттенетінін білдірді.
Бұл күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Түркияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджи Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Iskefe Holding (Алматы қаласында желатин өндіру зауытын салу жобасы) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Coca-Cola Içecek A. Ş (Шымкент қаласында алкогольсіз сусындар өндіру зауытын салу жобасы) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылатын болады.