Дариға Назарбаева тағы да Forbes рейтингіне енді
Ол Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің арасында 13-орында
Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаева ең бай 50 бизнесмен рейтингінде 13-ші орынға қайта оралды. Басылым сарапшыларының айтуынша, оның байлығы 584 миллион долларды құрайды.
Назарбаева бұл рейтингте 2012 және 2013 жылдары болған.
Дариға Назарбаева ұлы Нұрәлі Әлиевпен рейтингте 26-орында.
Жаңа рейтингте тағы бір отбасы мүшесі пайда болды – Нұрбол Назарбаев (Болат Назарбаевтың ұлы) 160 миллион доллар байлығымен 41-орынға ие болды.
Рейтингтің басында KAZ Minerals президенті және атқарушы емес директоры Владимир Ким тұр. Екінші орында – бірінші президенттің қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев.
Басылымның хабарлауынша, Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды рейтингті дайындау кезінде тергеуде болғандықтан бұл тізімге енбей қалған.