Бұл туралы финдік БАҚ хабарлады
Финляндия мен Швеция келесі аптаның басында НАТО-ға мүшелікке бірігіп өтініш береді, деп хабарлады финдік Helsingin Sanomat газеті өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан мәлімдеді.
Бейсенбі күні премьер-министр Санна Марин мен президент Саули Ниинистё НАТО-ға қосылу туралы өз пікірлерін білдіреді деп күтілуде. Сенбі күні НАТО-ға қатысты ұстанымды Марин басқаратын Социал-демократиялық партия таныстырады.
Швецияда НАТО-ға кіру туралы шешімді социал-демократтар басқаратын үкімет қабылдайды. Осылайша, іс жүзінде шешімді 15 мамырда НАТО-ға қосылуды қолдайтынын жариялайтын Швецияның социал-демократиялық партиясы қабылдайды.
Осыдан кейін НАТО-мен келіссөздер басталады. НАТО-ның барлық 30 елі мүшелікті ратификациялауы керек, бұл 4 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін.
НАТО-ны Финляндия мен Швеция есебінен кеңейту Ресей Федерациясының альянспен шекарасының ұзындығын 1,2 мың км-ден астамға ұзартады.