Республикалық референдумға 16,4 млрд теңге жұмсалмақ
Жарияланды
Қаржы министрінің айтуынша, ел үкіметі тиісті қаулыны қабылдаған
Конституцияға түзетулер енгізуге бағыттталған республикалық референдум өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлады Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді. ОСК тиісті есебін ұсынды, Үкімет тиісті қаулы қабылдады, ақша бөлінетін болады» деді Жамаубаев Үкімет кулуарында.
Айта кетейік, 5 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республикалық референдум туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына және 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.