Жаңалықтар

УЕФА 2021/22 маусымындағы рекордтық кірісті жариялады

Ол 5,7 миллиард еуродан асты

УЕФА бас қаржы директоры Йозеф Коллер ұйымның өткен 2021/22 маусымдағы кірісі 5,7 миллиард еуродан астамды құрағанын айтты.

Бұл сома УЕФА тарихындағы рекорд болды, деді Коллер.

Оның айтуынша, кірістің артуына клубтық жарыстар, Еуропа чемпионаты, Ұлттар лигасы және әлем чемпионатына іріктеу турнирін өткізу әсер еткен. Нәтижесінде кіріс 5,725 млрд еуроны құрады.

2021/22 маусымында үшінші маңызды еуропалық клубтық турнир, Конференция лигасы пайда болды.

Табыс бойынша алдыңғы рекорд 2015/16 маусымының соңында (4,58 миллиард еуро) орнатылды.