Жаңалықтар

Ұлттық валюта шамамен 7 теңгеге нығайды

Доллар 429-дан төмен түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 13 мамырдағы сағат 17:00-дегі сессия қорытындысы бойынша теңге/доллар жұбындағы сауда-саттық жабылды.

Доллардың орташа сараланған бағамы 428,23 теңге болды.

Ұлттық валюта 12 мамырдағы сағат 17:00-дегі сессия қорытындысымен салыстырғанда 6,74 теңгеге нығайды.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде kurs.kz сайтының мәліметінше, сағат 17:04-те америкалық валютаның сатып алу бағамы орта есеппен 434,7 теңгені, ал сату 440,3 теңгені құрады.