Бақ: «Талибан» қозғалысының әскер саны 130 мыңға жетті

Жарияланды

Ақпан айында тәліптер жаңа ауған армиясына 150 000 адам жинайтынын мәлімдеген

Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысы олардың әскер саны 130 мың адам екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ауғанстанның TOLO News агенттігі.

Ақпан айында тәліптер жаңа ауған армиясына 150 000 адам жинайтынын айтқан. Қарулы күштерді жаңарту бағдарламасы аясында тәжірибелі офицерлерді іздеуге ерекше көңіл бөлінді.

«130 мыңнан астам адам тіркелді және бұл процесс жалғасуда. Тіркеу аяқталғаннан кейін ауғандықтар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және ауған жері мен шекарасын қорғайтын тәуелсіз, жақсы жасақталған және берілген армияны көреді», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Энаятулла Хаваризми.

Хаваризми бұған дейін бөлімде жұмыс істеген әйелдердің барлығы қазіргі уақытта жалақыларын алып жатқанын, ал кейбіреулері әлі де өз қызметтерінде жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұл медициналық және басқа бөлімшелердің қызметкерлеріне қатысты. «Талибан» үкіметінің басшылығы жақын арада министрліктегі әйелдердің жұмысына қатысты «түпкілікті шешім қабылдайтынын» айтты.

Агенттіктің мәліметінше, бұрынғы үкімет кезінде ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің саны 350 мың болған.

Сондай-ақ оқыңыз