10 науқастың жағдайы ауыр
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының бес жаңа жағдайы анықталды.
Қазақстанда барлығы 1 305 654 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Коронавирустық пневмонияның бір жағдайы анықталды (2020 жылдың 13 наурызынан бастап – 89 067).
Қазір 169 адам ауырып жатыр, оның 51-і стационарда, 118-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 10 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.
17 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін – 9 493 163 адам, екінші компонентті – 9 263 281 адам, күшейткіш препаратты – 4 185 172 адам алды.