Хоум Кредит банкі сатылатын болды

Жарияланды
Оны банктің топ-менеджерлері мен PPF инвестициялық тобы сатып алмақ

Қазақстандық Home Credit банкі PPF және Home Credit акционерлеріне, сондай-ақ таңдаулы топ-менеджерлеріне сатылатын болды. Банк хабарламасында  мәміле Home Credit қызметкерлері мен клиенттері үшін бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылатыны жазылған.

Сонымен қатар, PPF пен Home Credit Иван Тырышкин бастаған жеке инвесторлар тобына өздерінің ресейлік банк активтері мен еншілес компанияларын сату туралы келісімге қол қойғанын хабарланды.

Ұлттық банк дерегі бойынша, қазақстандық Хоум Кредит банкі  22 ЕДБ арасында  503,5 млрд теңге актив көрсеткішімен 14-орында тұр. Несие портфелі 400 миллиард теңгеден сәл ғана асады. Жеке тұлғалардың банктегі қаражат көлемі 160 миллиард теңгеден, заңды тұлғалардың қаражаты 16,2 миллиард теңгеден асады. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Қазақстандағы жұмысын  2005 жылы бастаған. 2008 жылы Иржи Шмейц «Алма-Ата халықаралық банкі» АҚ акцияларының 90,01%, ал Home Credit B.V (PPF Group N.V. еншілес ұйымы) банктің қалған 9,99% акциясын сатып алды. 2013 жылы Ресейдің Хоум Кредит және Қаржы Банкі қазақстандық қаржы институтының жалғыз акционері атанды.

Сондай-ақ оқыңыз