Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалады?

Жарияланды

Мүгедектігі бар адамдардың референдумға қатысуы жергілікті атқарушы органдарға жүктелген

Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалады? Бұл сұраққа referendum2022_kz Telegram каналы хабарлады.

«Елордада 349 референдум учаскесі бар, оның 248-і ашық учаске, 35-і жабық, елшіліктерде 66 учаске бар. Барлық ашық және жабық учаскелер бойынша тексерулер жүргізілді. Ақаулық актілерге қол қойылып, кемшіліктерді жоюға кірістік. Референдум учаскелерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде проблемалық мәселе жоқ. Толығымен шектелді. Осыған дейінгі сайлау тәжірибесін ескере отырып, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтарға арналған жылжымалы сайлау учаскесі енгізіледі. Бұл 707 984 дауыс берушіні құрап отыр. Оның 19 836-сы – мүмкіндігі шектеулі жан. Барлық ауданда сайлаушыларды тексеру үшін бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс істейді»,- деп Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы Рақымжан Исақұлов атап өтті.

Референдумға құқығы бар азаматтардың тізімін қалыптастыру, мүгедектігі бар адамдардың референдумға қатысуы жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Сондай-ақ оқыңыз