Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус: тағы алты адамда індет анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырған алты жаңа жағдай тіркелді.

Қазақстанда барлығы 1 305 660 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның 10 жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 077).

Қазір 142 адам ауырып, оның 49-ы стационарда, 93-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 8 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.