Елімізде жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне 68 ауру мен инфекция түрі енгізілді

Жарияланды

Оның ішінде жануарлардың 45 ауруы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдай байқалады

Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне 68 ауру мен инфекция түрі енгізілді, оның ішінде жануарлардың 45 ауруы бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдай байқалады, 23 ауру бойынша арнайы ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Халықаралық эпизоотиялық бюро жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізіміне 88 түрлі ауру мен инфекцияны енгізді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген аурулар бойынша жүргізіледі. Республикада мұндай профилактикалық іс-шаралар жануарлардың 23 ауруы бойынша жүргізіледі, бұл вакцинация және диагностика. 

2022 жылға аса қауіпті ауруларға жануарларды вакцинациялау бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, диагностикаға 160,5 млн.манипуляция, сондай-ақ 34,1 млн. зерттеу жоспарланған.

2022 жылдың басынан бері республика аумағында 177 қолайсыз пункт тіркелді. Оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша 91 пункт (оның ішінде 51-і жойылды, 40-ы жұмыс істейді), сондай-ақ бруцеллез бойынша 86 пункт (оның ішінде 20-ы жойылды, 66-сы жұмыс істеп тұр).

Ол үшін жоспардан тыс, мәжбүрлі 58 516 бас ІҚМ, 4707 бас ҰММ, 2388 бас жылқы және 633 ет қоректі жануарларға вакцинация жүргізілді, сондай-ақ 1,0 млн.шаршы метрден астам дезинфекциялық құралдар бөлінді.

Ағымдағы жылдың 4 айында тәркіленген және жойылған жануарлардың 61 басына 15,1 млн.теңге өтемақы берілді.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына республика бойынша 13,04 млн. бирка бар: 2,2 млн. ІҚМ, 8,6 млн. ҰҚМ, 2,1 млн. бас шошқа, 36,9 млн. бас түйе.

Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанында ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 12 966 нұсқама жазып берді. Нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК бабына сәйкес, жалпы сомасы 208,6 млн.теңгеге 6 088 әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз