82 жастағы зейнеткердің 5 млн теңгесін жымқырып кеткен күдіктілер ұсталды

Жарияланды

Күдіктілердің ішіндегі біреуі жәбірленушінің туысы болып шықты

Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткердің 5 млн теңгесін жымқырып кетті

Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткердің бес млн теңгесін жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны шағымданды. Ер адам бетперде киген екі белгісіз адам жасырын түрде жазғы ас үйге кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан оған күш қолданып, шабуыл жасап, жастығының астында жатқан бес млн теңгесін ашық түрде алып кеткені туралы хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 1977, 1984, 1987, 1985 жылдары туған төрт ер адамды анықтады. Оның үшеуі – Қордай ауданының тұрғыны, біреуі – Алматы облысының тұрғыны.

Тергеу анықтағандай, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Мойынқұм ауданына осы қарақшылық қылмысты жасау үшін келген. Белгілі болғандай, күдіктілердің ішіндегі біреуі жәбірленушінің туысы және одан бірнеше рет қарызға ақша сұраған.

Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тағы бір қатысушысының орналасқан жері анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыз