Электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындары көбейді. Қай салада маман жетіспей жатыр?
2022 жылғы сәуірде Электрондық еңбек биржасында 91,3 мың бос жұмыс орны және 59,5 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 26 пайызға, ал өзекті түйіндемелер саны 22 пайызға өсіпті.
«Бос жұмыс орындарының көпшілігін өзге қызметтер (8,9 мың бос жұмыс орны), білім беру (4,6 мың) және ауыл шаруашылығы (3,7 мың) секторларының кәсіпорындары орналастырды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың жартысы Түркістан облысына тиесілі, ал астық өсіру саласында бос орындардың 77 пайызы солтүстік өңірлерде жарияланды» де»ді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.
Сұранысқа ие позицияларға сұраныстың біліктілік құрылымы бойынша сәуір айында өткен аймен салыстырғанда үлкен өзгерістер болған жоқ.
«Жарияланған бос орындардың жартысы біліктілігі орта деңгейлі мамандарды іздеуге бағытталған. Мұндай мамандықтар бойынша түйіндемелердің үлесі – жалпы түйіндеме санының 38 пайызы. Біліктілігі төмен деңгейлі кадрлар бойынша айырмашылық байқалады: кәсіби дайындығы жоқ жұмыс іздеушілердің үлесі (38 пайыз) оларға ұсынылып отырған жұмыс орнынан (27 пайыз) көп. Ал біліктілігі жоғары мамандарға деген сұраныс пен ұсыныс 23 пайыздың шамасында» деді Александра Молчановская.
Сұранысқа ие үш мамандықтың қатарына дәстүрлі түрде
- Көлік жүргізушілері (4,6 мың бос жұмыс орны);
- Құрылыс және монтаждау жұмыстарының шеберлері (1,7 мың бос жұмыс орны);
- Қаптаушылар (1,3 мың бос жұмыс орны)
кірген.
Күзетшілерге, жүк тиеушілерге, медицина қызметкерлеріне, тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне де сұраныс жоғары.
Өткен айда қосалқы жұмысшылар (жұмыс іздеушілердің түйіндемелері бос жұмыс орындарының санынан 4,5 мыңға артық), біліктілігі жоқ жұмысшылар (896 түйіндемеге) және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар (801 түйіндемеге) арасында жұмыс орны үшін бәсекелестік артқан. Саны бойынша көп мамандардың қатарына заңгерлер (535 түйіндемеге), қазандық операторлары (443 түйіндеме), вахтерлер (676 түйіндемеге) және көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар (306 түйіндемеге) кірген.
Жаңа бос жұмыс орнының саны бойынша 5 өңір алда келеді:
- Ақтөбе облысы (4,9 мың бос орын);
- Түркістан облысы (6,1 мың бос орын);
- Қызылорда облысы (2,9 мың бос орын);
- Батыс Қазақстан облысы (4,4 мың бос орын);
- Шымкент қаласы (2,7 мың бос орын).
Бұл өңірлерде жұмыс берушілер негізінен қосалқы жұмысшыларға, жүргізушілерге, күзетшілерге, әртүрлі жұмысшыларға, құрылыс саласындағы жұмысшыларға және басқа да біліктілігі төмен мамандарға мұқтаж. Өнімділігі төмен арзан еңбек күшіне деген сұраныстың артуының бір себебі – құрылыс, көктемгі дала және маусымдық жұмыстар көлемінің ұлғаюы.
Сәуір айында жұмыс іздеушілер саны:
- Жамбыл (-4 пайыз, 3,3 мың түйіндеме);
- Павлодар (-9 пайыз, 2,3 мың түйіндеме) облыстары;
- Шымкент қаласынан (-12 пайыз, 3,8 мың түйіндеме) басқа өңірлерде өсті.
Белсенділік:
- Ақтөбе (+64 пайыз, 3,6 мың түйіндеме);
- Алматы (+54 пайыз, 6,4 мың түйіндеме);
- Солтүстік қазақстан (+49 пайыз, 1,8 мың түйіндеме);
- Батыс Қазақстан (+49 пайыз, 3,3 мың түйіндеме) облыстарында байқалды.
Сәуір айының қорытындысы бойынша бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженерлер мен IT саласының мамандары (орта есеппен – 1,7 млн теңге), басшылар мен топ-менеджерлер (1 млн теңге) позицияларына үміткерлер, сондай-ақ басқа да жоғары білікті техникалық мамандар (800 мың теңге) ең жоғары жалақы алады деп күтіледі. Айта кету керек, басшылық лауазымға үміткерлер арасындағы бәсекелестік басқа лауазымдарға қарағанда орташа деңгейден жоғары.
Сонымен қатар жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны:
- Мемлекеттік және корпоративтік сектор басшыларына (900 мың теңге);
- Бас құрылысшыларға (840 мың теңге);
- Маклерлерге (700 мың теңге);
- Бизнес-талдаушылар мен қосымша әзірлеушілерге (700 мың теңге)
ұсынуға дайын. Ең төменгі жалақы күзетшілерге, жүргізушілерге, мұғалімдерге ұсынылады.
Осылайша Электронды еңбек биржасы мәліметтері бойынша, еңбек нарығында жалдау және жұмыс іздеу процестері жандана түсті.
Сонымен бірге, сұраныс пен ұсыныстың біліктілік құрылымын сақтауды ескере отырып, жұмыс берушілердің жаңа қызметкерлер жалдауға деген қызығушылығы артты, бұл өндіріс пен қызмет көрсету қарқынын арттыруы мүмкін. Жалпы жұмыс берушілердің тек 14 пайызы жеке кәсіпкерлер, яғни жалдамалы жұмысшылар көбінесе шағын, орта және ірі кәсіпорындарда көп екенін айта кету керек.