Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын қысқарту мүмкіндігін қарастырады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әйелдердің зейнет жасын төмендетуді жақтайтын қоғам белсенділерінен ұсыныстар келіп түсті. Еңбек министрлігі оларды осы саладағы ұсыныстарымен салыстырып, есептеулер жүргізеді, содан кейін ең қолайлы нұсқаны анықтайды.

Бұл туралы 20 мамырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

«Маған әйелдер қозғалысының өкілдері келді. Олар өз ұсыныстарын айтты, біз өз нұсқамызды айттық. Біздің ұсыныстарымыз оларға да ұнады, сондықтан біз қазір жұмыс тобында жұмысты жалғастырып, есеп-қисап жүргізіп жатырмыз. Әрбір әлеуметтік қолдауға ақша қажет екенін білесіздер», – деді ол.

Министр қолданыстағы заңнамада жеткілікті жинақпен зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын еске салды.