Барлық мектеп оқушыларының тегін тамағы үшін жылына 450 миллиард теңге қажет
Ал мемлекет әлдеқайда аз қаражат бөледі
Қазақстандағы барлық мектеп оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуы үшін жылына 450 миллиард теңгеден астам қаражат қажет. Үкімет осылай есептеді. Мұндай соманы бірден бөлуге жергілікті облыстық бюджеттер дайын емес. Жылына әкімдіктер ыстық тамаққа небәрі 69 млрд теңге бөледі. Бұл ақша әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп оқушылары мен бастауыш сынып оқушыларының түскі асына (кейбір аймақтарда) кетеді.
Мәжіліс депутаттары барлық қазақстандық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажеттігі туралы үкіметке үндеу жолдады. Олар қазір бюджет есебінен тек аз қамтылған отбасы балалары ғана мектепте түскі ас ішетініне, бұл «теңсіздік пен кемсітушілік жағдайын туғызатынына» назар аударды.
Вице-премьердің жауабына сүйенсек, әкімдіктер бұл мақсаттарға қаражатты ұлғайту мәселесін қарастыруда, оны жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешуге болады.