Жаңалықтар

Елімізде 16 адамда індет анықталды

Қазақстанда барлығы 1 305 683 адам коронавирус жұқтырған


Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының 16 жаңа жағдайы анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 305 683 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның 10 жағдайы анықталды (2020 жылдың 13 наурызынан бастап – 89 095).

Қазір 151 адам ауырып, оның 56-сы стационарда, 95-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 8 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.

20 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін – 9 496 050 адам, екінші компонентті – 9 267 945 адам, күшейткіш препаратты – 4 251 535 адам алды.