Жаңалықтар

29 бас жылқы ұрлаған семейлік ұсталды

Жәбірленушіге 8 100 000 теңге көлемінде шығын келтірілген

Шығыс Қазақстанда полициядан жасырыну әрекеті кезекті қылмыскер үшін сәтсіздікке ұшырады. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семей қ.ПБ КПБ-мен бірлесіп, мал ұрлығы үшін екі жыл бойы жауапкершіліктен жалтарған 58 жастағы Семей тұрғынын ұстады.

« Қаскөй 2019 жылдың қараша айында Семей қаласының маңынан 42 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлап, жәбірленушіге 8 100 000 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды», – деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде іздестірілуші ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.