1 миллиардқа жуық адам әлі вакцинаны алмаған
Коронавирустық пандемия әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада сөйлеген сөзінде айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 75-ші отырысында ұйым басшысы аурудың шарықтау шегінен кейін тіркелген жағдайлар санының азайғанына қарамастан, пандемия әлі де аяқталған жоқ екенін атап өтті.
Гебрейюс табысы төмен елдердегі 1 миллиардқа жуық адам әлі вакцинаны алмағанын айтты. Хабарланған жағдайлар барлық аймақтарда 70-ке жуық елде өсуде, деді ол.