Қазақстанда жалпы 1 305 697 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырған алты жаңа жағдай тіркелді.
Қазақстанда барлығы 1 305 697 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Коронавирустық пневмония жағдайы анықталған жоқ (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 106).
Қазір 133 адам ауырып жатыр, оның 49-ы стационарда, 84-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 7 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.
23 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші құрамдас бөлігі – 9 498 963, екіншісі – 9 272 050 адам, ревакцинация – 4 306 047.