Бір адам қайтыс болды
Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясындағы Абадан қаласында он қабатты кеңсе ғимараты құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Иранның Tasnim ақпараттық агенттігі.
«Амири көшесіндегі кеңсе ғимаратының бірнеше бөлігі опырылып құлады. Ғимарат қызметкерлері толығымен эвакуацияланды. Қоқыстардың құлауы салдарынан ғимарат маңында орналасқан көліктерге зақым келді», – деп хабарлады ведомство.
Әзірге оқиғадан төрт адам зардап шекті, олардың барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам қайтыс болды.