АҚШ-та 2021 жылы қоғамдық орындарда атыс саны артты
2020 жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны 48%-ға өсті
АҚШ-та қоғамдық орындарда атыс болғандар саны өткен жылы 2020 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға өсті. Бұл туралы дүйсенбіде ФБР хабарлады.
Агенттік таратқан баяндамаға сәйкес, ФБР барлығы 61 оқиғаны «белсенді атыс оқиғалары» санатына жатқызды. Бұл терминмен ФБР «атыс қаруымен қаруланған бір немесе бірнеше адамның» жиналатын жерде «адамдарды өлтіретін немесе өлтіруге әрекеттенген оқиғаларды» білдіреді. «2017-2021 жылдар аралығындағы деректер <…> өсу тенденциясын көрсетеді. 2021 жылы анықталған оқиғалар саны <…> 2020 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға және 2017 жылмен салыстырғанда 96,8%-ға өскен», – делінген құжатта.
2021 жылы қайтыс болғандар (103) және зардап шеккендер (140) 2020 жылмен салыстырғанда 48%-ға өсті. Сонымен қатар, өткен жылы өлім саны соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.