Дамушы нарықтардағы валюталардың динамикасы әртүрлі бағытта өрбіді
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша мемлекеттік сақтандыруға арналған өтінімдер өткен аптада күтпеген жерден қаңтардан бері ең жоғары деңгейге дейін өсті: Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға арналған алғашқы өтінімдер бір аптада 21 000-нан 218 000-ға дейін артқан, бұл экономистердің орташа бағалауынан асып түседі. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Өз кезегінде, Қытай банкі бес жылдық кредиттер бойынша базалық мөлшерлемені 4,6%-дан 4,45%-ға дейін төмендетті, бұл – мөлшерлемені қайта қараған 2019 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қысқарту пандемиялық шектеулердің салдарынан кредиттер мен жылжымайтын мүлікке сұранысты арттыру үшін маңызды қадам саналады. Сол кезде Шанхай қаласы мэрінің орынбасары қаладағы эпидемияның бақылауда екенін жариялап, 1 маусымнан бастап Covid шектеулерінің алып тасталатыны туралы мәлімдеді.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамыныңдинамикасы төмендегідей қалыптасты:
- Ресей рублі капитал қозғалысына қойылатын шектеулер, мұнайдың қымбаттауы аясында,
сондай-ақ салық аптасы қарсаңында 6,7%-ға (64,55-тен 60,23-ке[2] дейін) нығайды; - Бразилия реалы жаһандық тәуекел сентиментінің жақсаруы аясында 3,6%ға (5,06-дан 4,88-ге дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені 4,75%-ға дейін 50 б.т. арттыруы аясында, сондай-ақ, 2022 жылы мүмкін болатын күрт өсу туралы мәлімдемелері аясында 2%-ға (16,17-ден 15,84-ке дейін) нығайды;
- Мексика песосы АҚШ доллары мен қазынашылық облигациялары кірістілігінің әлсіреуі аясында 1,2%-ға (20,11-ден 19,86-ға дейін) нығайды;
- үнді рупиясы қымбаттай түскен мұнай және шетел капиталының әкетілуі аясында 0,1%-ға (77,45-тен 77,55-ке дейін) әлсіреді;
- Индонезия рупиясы пальма майын экспорттауға салынған тыйымды әлсірету мақсатында Үкіметке қысымның ұлғаюы аясында 0,2%-ға (14613-тен 14642-ге дейін) әлсіреді;
- түрік лирасы АҚШ долларына корпоративтік сұраныстың күшеюі мен инфляцияның рекордтық мәндері кезінде жеңіл ақша-кредит саясаты бойынша алаңдаушылықтың сақталуы аясында 2,8%-ға (15,48-ден 15,91-ге дейін) әлсіреді.