Соңғы 24 сағатта бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырған тағы төрт адам анықталды.
Қазақстанда барлығы 1 миллион 305 701 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Коронавирустық пневмонияның бір жағдайы анықталды (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 107).
Қазір 128 адам ауырып жатыр, оның 47-сі стационарда, 81-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 4 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.
24 мамырдағы жағдай бойынша 9 499 204 адам вакцинаның бірінші компонентін, 9 272 513 адам екінші компонентті, 4 308 748 адам екпе алды.