Жаңалықтар

Молдованың экс-президенті мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталды

Оның үстінен кемінде төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен және тағы бірнеше бап бойынша 72 сағатқа қамауға алынды, деп хабарлайды РБК.

Deschide.md ақпарат көздері экс-президентпен бірге айғақтарды жоймақ болған оның жездесі Петру Мериняну да ұсталғанын хабарлады.

Бірнеше сағат бойы бұрынғы мемлекет басшысының үйінде тінту жүргізілді. Ел прокуратурасы Додонға Қылмыстық кодекстің үш бабы: 337 (мемлекетке опасыздық), 1812 (саяси партияны қаржыландыруды қылмыстық ұйым деп тану), 343 (пассивті сыбайлас жемқорлық) және 330,2 (заңсыз баю) бойынша отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Молдованың бас прокуратурасы Игорь Додонға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын. Қылмыстық істің қозғалуына Игорь Додон мен Демократиялық партияның сол кездегі жетекшісі Владимир Плахотнюктің 2019 жылғы маусымдағы кездесуінің бейнежазбалары негіз болды.