Дидье Рейндерс: Бұл тыйым салынған активтердің оннан бір бөлігі ғана
Еуропалық әділет комиссары Дидье Рейндерс Еуроодақ елдері РФ Орталық банкінің шамамен 23 миллиард еуро көлеміндегі активтерін бұғаттауға қол жеткізгенін айтты. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.
«Еуропалық одаққа мүше 27 елден алынған ақпаратқа сәйкес, бұл тыйым салынған активтердің оннан бір бөлігі ғана», – деді ол.
Сонымен бірге, Рейндерс Еуропалық Одақтақтың бұғаттаған 23 миллиардтың «АҚШ бұғаттаған 100 миллиардымен салыстырғанда болмашы көрсеткіш» екенін атап өтті.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелдің Ресейдің тыйым салынған активтерін Киевке беру идеясын ұрлық деп санаған.
Наурыздың басында АҚШ, ЕО елдері, Ұлыбритания және Жапония Ресей Орталық банкіне санкция салып, оның ұлттық валюталарындағы резервтерін тоқтатты.