Жаңалықтар

Ташкентке бағытталған ұшақ жолаушысы 9 млн теңге алып кетпек болған

2022 жылғы 24 мамыр күні елорда әуежайында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шеқара қызметінің және Әуежай бақылау қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Нұр-Сұлтан-Ташкент» бағыты бойынша PН 722 халықаралық авиарейсімен ұшатын жолаушыларды кедендік бақылау жүргізгеннен кейін аталған заң бұзушылықтың жолын  кесті.

Д. азаматының қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақыртылған.

Тексеру барысында 21 650 АҚШ доллары (9 млн. теңге) анықталды. Аталған дерек бойынша әкімшіліктік материал толтырылды.  

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан:

– 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынғанын еске саламыз», – деп атап өтті МКК-де.

Мемлекеттік кірістер комитетінде шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау қажет екенін еске салды.