Жаңалықтар

Алкоголь өнімінің түпнұсқалығын қалай анықтауға болады

Тұтынушы құқығын қалай қорғаймыз?

Ағымдағы жылдың 20 мамырында БАҚ-та «Как налоговики Казахстана частную компанию по контролю за алкоголем продвигают» атауымен мақала жарияланған болатын. Осыған орай,  Мемлекеттік кірістер комитетінде алкоголь өнімінің өндірілуінің түпнұсқасын анықтау мақсатында, есепке алу-бақылау маркасының (ЕБМ) қорғау элементтерін анықтайтын не болмаса штрих кодтан ақпаратты оқи алатын бірқатар мобильді қосымшалар әзірленгенін хабарлады. Аталған мобильді қосымшалар барлық тұтынушыларға қол жетімді.

Осыған орай, ЕБМ түпнұсқалықты анықтайтын альтернативті түрлері болуына байланысты, «WIPON» мобильді қосымшасы алкоголь өнімінің нарығындағы субъектілерге қолдануға міндетті емес. Дегенмен Комитет тарапынан «Азаматтық бақылау- түбіртекті талап ет» акциясы туралы кеңінен ақпарат таратылуда. Акция аясында тұтынушылар фискалды чекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ, МКК-де «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспабы болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынатынын еске салды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру шеңберінде 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтық бақылау- түбіртекті талап ет» акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Науқанға қатысушылар фискалды чекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасы арқылы бейне-растама салып хабарлай алады, және осындай факт расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы алады.

2020 жылы «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы «Қазақтелеком» АҚ демеушілік көмек тәртібімен бөлінген қаражатқа өткізілді.

2021 жылы «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы шеңберінде сыйақы төлеуге бюджеттен 40 264, 0 мың теңге мөлшерінде сома бөлінді (оның ішінде оператордың сыйақыны аударғаны үшін шығыстары – 1 438, 0 мың теңге).

2021 жылдың 19 қазандағы сыйақы төлеу бойынша қызмет көрсетуге өткізілген ашық конкурстың қорытындысы бойынша «Вайпоинг» ЖШС-і жеңімпаз атанды.

Акцияның 2021 жылдың 20 қазанынан бастап жаңдандырылғанын ескере отырып, 40 264,0 мың теңге сомасын азайту жағына қарай түзету жүргізіліп, 3 648,3 мың теңгені құрады (оның ішінде ұялы байланыс операторларына сыйақыны науқанға қатысушының ұялы телефон балансына аударғаны үшін оператордың шығыстары – 125,4 мың теңгені құрады).