140 адам ем алуды жалғастыруда
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының 8 жаңа жағдайы анықталды.
Қазақстанда барлығы 1 305 723 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Коронавирустық пневмонияның 7 жағдайы анықталды (2020 жылдың 13 наурызынан бастап – 89 126).
Қазір 140 адам ауырып жатыр, оның ішінде 50 науқас стационарда, 90 науқас амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 5 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.
27 мамырдағы жағдай бойынша 9 501 818 адам вакцинаның бірінші компонентін, 9 276 419 адам екінші компонентті, 4 372 728 адам ревакцинация алды.