Сауль Альварес: Головкин мен туралы сөзін доғарған емес

Жарияланды

«Канело» Головкин туралы ойын ашық айтты

Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек алдында бітіспес қарсыласы туралы ойын айтты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

«Онымен текетірес әрдайым жеке басқа қатысты болатын. Бұл ешқашан өзгермейді. Головкин мен туралы сөзін доғарған емес. Ал мен оған қатысты ештеңе айтпайтын едім. Ол мен туралы айта береді, сондықтан бұл айқас жеке есеп айырысу болады. Мұнысы жекпе-жекке қосымша элемент беріп отыр. Бұл мені жаттыға түсуге итермелейді», – дейді мексикалық. 

Сондай-ақ оқыңыз