Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр
Жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесі шешілді.
28 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа, темір жолмен өңдеуге арналған құрғақ қант шикізаты бар 116 вагон жеткізіліп тасымалданып жатыр.
Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады.
Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.
Отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды: оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады.
Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.