26 жастағы ер адам Оклахома фестивалінде оқ жаудырды
АҚШ-тың Оклахома штатында фестиваль кезінде атыс болып, бір адам қаза тауып, жетеуі жараланды, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Associated Press агенттігінің жергілікті тергеу бюросына сілтеме жасап хабарлауынша, Тафттағы фестивальде атыс болып, 39 жастағы әйел қаза тауып, жетеуі жараланған.
Атыс жасады деген күдікпен 26 жастағы жігіт қамауға алынды.
Оқиға 1500 адам қатысқан жыл сайынғы Еске алу күніне арналған шарада орын алды.