Жаңалықтар

Елімізде әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

Зейнетақы төлемдері де өседі

Қазақстанда әскери қызметкерлердің зейнетке шығу жасы ұлғайтылады. Бұл туралы брифингте ҚР Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты.

Оның айтуынша, зейнеткерлік жас әскери қызмет туралы заңда белгіленген шекті жасқа байланысты. 2022 жылы заңға еңбек өтілін бес жылға дейін ұлғайту нормасы енгізілгендіктен, зейнет жасы да бес жыл ішінде ұлғайтылады.

Бұл ретте зейнетақы төлемдері де артады. Бимолдин зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты екенін еске салды.