Әскерилердің зейнетке шығатын жасына тағы 5 жыл қосылады

Жарияланды
Зейнетақы төлемдері де артады

 Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнетке шығатын жасы ұзарды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин мәлімдеді.

Оның айтуынша, зейнет жасы әскери қызмет туралы заңда белгіленген шекті жасқа байланысты. 2022 жылы заңға әскери қызмет мерзімін бес жылға ұзартатын норма енгізілгендіктен, олардың зейнетке шығатын жасына тағы бес жыл қосылған.

 Сонымен қатар, зейнетақы төлемдері де көбейеді.  Бимолдин зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек  өтіліне тікелей байланысты екенін еске салды.

Әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен жүзеге  асырылып келген.

Сондай-ақ оқыңыз