«БИПЭК АВТО» кәсіпорнына тиесілі шипажай сатылатын болды
Сот орындаушылары «Рахман қайнары» шипажайының мүлкін түгендеп, тізімдеп шыққан. Шипажай «БИПЭК АВТО» компаниясының басқа активтерімен бірге, Бірыңғай электронды сауда платформасы арқылы сатылымға шығарылады.
«БИПЭК АВТО» компаниялар тобына Шығыс Қазақстан облысындағы үш туристік нысан тиесілі: Катонқарағай ауданындағы «Рахман қайнары» санаторийі, Глубоковский ауданындағы «Нұртау» тау шаңғысы курорты мен Алтай аймағындағы «Порт-Фортуна» демалыс орталығы. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі БИПЭК-пен автокөлік құрастыру жөніндегі келісімді бұзып, «Азия Авто» зауыты жұмысын тоқтатқаннан кейін, компанияның барлық туристік нысандары да жабылды.
Шипажай-сауықтыру кешендерінің негізгі клиенттері – демалыс құнының едәуір бөлігін жұмыс берушісі төлейтін зауыт қызметкерлері еді. Негізі туристік нысандар бас компанияның қолдауымен жұмыс істеп тұрды. «БИПЭК АВТО – Азия Авто» АҚ-ның 2019 жылы соңғы жарияланған аудиторлық есебі деректеріне сүйенсек, топтың туристік қызметінен түскен кірісі 494,8 миллион теңгені құраған.
«Рахман қайнары» шипажайы 2021 жылдың 1 маусымына дейін Қазақстанның ең үздік санаторийлерінің қатарында болды: радон бұлақтарына Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары ғана емес, елдің түпкір-түпкірінен келетін. Компанияның баспасөз қызметі демалыс орны жабылмай тұрып таратқан ақпаратқа сәйкес, Ресей, Франция, Германия, Корея, Қытай, Чехиядан келген қонақтардың да таңдауы осы шипағайжа түсетін.
«Нұртау» тау шаңғысы курорты мен Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Порт-Фортуна» қонақ үй кешенін жергілікті туристік орын деп атауға болады.
Туроператорлар қазір Рахман қайнары, Нұртау және Порт-Фортунаға жолдама сатпайды, ол жақта ресми түрде үй жалдау мүмкін емес.
«Курсив» «Рахманов қайнары», «Нұртау» және «Порт-Фортунаның» тағдырын білмекке, бірнеше рет сауалхат жолдады.
ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис «Рахман қайнары» шипажайының жер телімі «БИПЭК АВТО» серіктестігіне ұзақ мерзімге жалға берілгенін, «Нұртау» лагерінің жері жеке меншікте екенін айтты.
«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Рахман қайнары» шипажайының жерін мемлекет мұқтажы үшін алуды жоспарлап отырған жоқ. «Ертіс» ӘКК-нің бұл базаларды алатыны жайлы ақпарат жоқ» деп түсіндірді Надежда Михайлис.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің де жерді мемлекет меншігіне қайтартуды қолға алмаған. Мұны «Курсивке» ҚР Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мирас Төлебаев растады.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафин «Рахман қайнары» шипажайы мен «Нұртау» тау шаңғы курортын сату мәселесін сот орындаушысы шешетінін айтты. Мұстафин ШҚО Әділет департаментінен 12 сәуір мен 15 сәуір аралығында сот орындаушылары Катонқарағай ауданындағ Рахмн қайнары ауылының маңында орналасқан мүлікті түгендегені туралы хабарлама алған.
Заң бойынша заңды тұлғадан қарызды өндіріп алу кезінде алдымен жылжымалы мүлік, екінші кезекте жылжымайтын мүлік сатылады.
19 мамырда Бірыңғай электронды сауда алаңының сайтында «Азия Авто» зауытының 22 көлігін сату туралы хабарландыру ілінді. Сатылатын тауар сомасы – 127,1 млн. ШҚО Әділет департаментінің жауапты мемлекеттік сот орындаушысы Боранбай Оразғалиев көліктер БИПЭК-тің мемлекет алдындағы қарызын жабу үшін сатылып жатқанын айтты. Ал туристік нысандар банкте кепілде тұрғандықтан, оларды жеке мердігер сатады.
Компанияның мүлкімен айналысатын Республткалық ЖСО палатасының өкілі Дамир Демеуов туристік нысандар аукционға нақты қашан шығарылады деген сұраққа жауап беруден бас тартп, бұл құпия ақпарат екенін айтты.
Шарттардың құпия ұсталуы борышкер мен банк арасындағы сот ісімен мен байланысты болуы мүмкін. Дәл осы жаңа сот ісі компанияның ең ірі кепіл нысаны – «Азия Авто» зауытының ғимаратын сатуға кедергі болған. 4 мамырда Демеуов борышкердің сотқа берген шағымына байланысты тыйым салынған мүлікті аукционнан алып тастады.
Айта кетейік, холдингтің мемлекет алдындағы қарызы, сот актілеріне сәйкес, 173 млрд теңгеден асады. БИПЭК-тің негізгі кредиторға (Жусан банк) қарызы 66,2 млрд теңгені құрайды. Мүлік банкке кепілге қойылған.