Жаңалықтар

Дамушы нарықтардың валюта бағамы көп бағытты динамика көрсетті

Апта ішінде лира мен рубль әлсіреді

2022 жылғы 20-27 мамыр аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ ФРЖ мамырдағы отырыста жарияланған хаттамасында шенеуніктердің көпшілігі алдағы бірнеше жиналыста мөлшерлемені 50 б.т. арттырудың орынды болатыны жөнінде пікір білдірді. ЕОБ басшысы биылғы шілдеде мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. АҚШ Президенті елдегі Қытай тауарларының импортына баж салығының қарастырылып жатқанын мәлімдеді, нарық қатысушылары мұны баждарды алып тастаудың ықтимал белгісі ретінде қабылдады.

Бұл факторлар дамушы нарықтарда валюталар динамикасының әр түрлі бағытта өрбуіне түрткі болды.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы АҚШ-тың Қытай тауарларына баж салығын салуды қарастыратыны туралы хабарламасынан соң жаһандық инвесторлардың тәуекел сентиментінің жақсаруына, сондай-ақ инфляция өсуінің (мамырда + 12,2% ж/ж) жалғасуына байланысты мөлшерлеменің одан әрі көтерілетінін күту аясында 3,1%-ға (4,88-ден 4,73-ке дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды S&P агенттігінің тәуелсіз рейтингі бойынша болжамды тұрақты деңгейден оң деңгейге қайта қарау аясында 1,6%-ға (15,84-тен 15,59-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Орталық банктің мөлшерлемені мейлінше тез қарқынмен арттыруын күту аясында 1,4%-ға (19,86-дан 19,58-ге дейін) нығайды. Соңғы отырыстың хаттамасында дауыс беретін 5 шенеуніктің 2-еуі мөлшерлемені нақты 50 б.т. қарағанда 75 б.т. арттыруды қалағаны көрінді;
  • Индонезия рупиясы 0,5%-ға (14 642-ден 14 567-ге дейін) нығайды. Орталық банк өтімділік профицитін қысқарту үшін міндетті резервтік талаптарды арттырып, негізгі мөлшерлемені 3,5% деңгейінде сақтады;
  • үнді рупиясы бір аптада өзгерген жоқ, 77,55-тен 77,57-ге дейін әлсіреді;
  • түрік лирасы Орталық банктің инфляцияның рекордтық деңгейіне қарамастан, мөлшерлемені өзгеріссіз 14% деңгейінде сақтау жөніндегі шешімі аясында 1,9%-ға (15,91-ден 16,22-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі РФ Орталық Банкінің мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендету жөніндегі шешімі және валюталық бақылауды жеңілдету жөніндегі шаралары аясында 10,7%-ға (60,23-тен 66,7-ге дейін) әлсіреді.