Еуропалық кеңес Украинаға тоғыз миллиард еуро беруге дайын екенін мәлімдеді

Жарияланды

Шарль Мишель: Еуропалық кеңес Украинаға көмектесуді жалғастырады

Еуропалық кеңес басшысы Мишель Украинаға тоғыз миллиард еуро беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Брюссельдегі саммиттің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Еуроодақ елдерінің басшылары Украинаға көмек ретінде қосымша тоғыз миллиард еуро беруге дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель.

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Украинаға қосымша тоғыз миллиард еуро көлемінде макроқаржылық көмек көрсетуді ұсынған болатын.

«Еуропалық кеңес Украинаға көмектесуді жалғастырады… Еуропалық кеңес Украинаға тоғыз миллиард еуро беруге дайын», – деп жазды Мишель Twitter-де.

Сондай-ақ оқыңыз