Қырғызстаннан Ресейге транзиттік пойыздар Қазақстан арқылы қайта жүре бастайды
Маусым айынан бастап үш бағыт қайта іске қосылды
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге қатынауы қайта басталады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
– №17/18 «Бішкек-Самара» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап, Самарадан ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап аптасына 2 рет қатынау жиілігімен аттанады;
– №305/306 «Бішкек – Шу/Қазан» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап, Қазаннан – ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап аптасына 1 рет қатынау кезеңділігімен аттанады. Пойыз №113/114 «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясын қоса біріктіріп қатынайды;
– №385/386 «Бішкек – Новосибирск» пойызы Бішкектен ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап, Новосибирскіден-ағымдағы жылдың 11 маусымынан бастап 8 күнде 1 рет қатынау кезеңділігімен жөнелтіледі.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID – 19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Ол берілген күннен бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспауы тиіс. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан аумағында жарамды деп танылған коронавирустық індетке қарсы вакцинацияның немесе ревакцинацияның толық курсынан өткені туралы паспорт (соңғы дозаны алғаннан кейін алты айдан аспайтын мерзім) ұсынуға болады. Егер жолаушыларда ПТР – тест нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациялау паспорты болмаса, онда вагонға отырғызуға жіберілмейді.