Тоғыз адамның жағдайы ауыр
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясының бес жаңа жағдайы анықталды.
Қазақстанда барлығы 1 миллион 305 755 адам коронавирус жұқтырған.
Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.
Қазір 128 адам ауырып жатыр, оның 48-і стационарда, 80-і амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 9 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 0.
1 маусымдағы жағдай бойынша 9 504 978 адам вакцинаның бірінші компонентін, 9 282 326 адам екінші компонентті, 4 455 131 адам ревакцинация алды.